(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТIК КӨРС...

Осы редакция 2017 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 281 қаулысына

2-қосымша

 

 

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

мемлекетт көрсетілетін қызметінің регламенті


1. Жалпы
ережелер

 

1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары мен қалалары жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық);

3) www.egov.kz, www.elicense.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - 2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 257 бұйрығымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға қызмет алушының өтініші негіздеме болады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.